$ 441.58  480  4.86

Жас жауынгерлер беренді техниканы тізгіндеді

Беренді техникамен жалпы 250 ден астам болашақ десантшы сынақтан өткен.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы облысында сегіз өңірден келген 250 ден астам сарбаз беренді техниканы алғаш рет жүргізу бойынша сынақ тапсырды.

Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, сонымен қатар Астана қаласынан әскерге шақырылған десантшылар Алматы облысында сынақ тапсырып, жас жауынгер курсын аяқтады.

Сарбаздар тапсырма бойынша, тікенекті сымның астынан өту арқылы, траншеядағы позицияға орналасу қажет. Содан кейін, темір сауытты беренді машинаның астына жату арқылы, кейіннен граната муляжымен оның көзін жоюы тиіс. Бір қарағанда оңай секілді көрінгенімен, алғаш рет орындап отырған жауынгерлер үшін аздап келеңсіздіктер болады.

Дегенмен, бөгеттерге қарамастан, жауынгерлер ағашқы тапсырманы мұқият орындауға тырысып бақты деуге болады.

Жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Бақытжан Қырғызалиев аталған сынақ жас жауынгер курсының міндетті рәсімі екенін атап өтті.

Жас жауынгер курсына енгізілген міндетті рәсім – беренді машиналармен алғашқы сынақ тапсыру. Бұл сарбаздадың бойындағы психологиялық тұрақтылықты дамытуға, олардың бойындағы мінездерін қатайтып, өздеріне деген күдікті жеңуге көмектесетін дайындықтың бір түрі. Олар жас жауынгер курсынан өту арқылы бойына сіңірген алғашқы дағдыларын келешекте жаңа тәжірибелермен толықтыратын болады, деді подполковник Қырғызалиев мырза.

Офицердің айтуынша, беренді техникамен жалпы 250 ден астам болашақ десантшы сынақтан өткен. Ал, сарбаздар үшін келесі сынақ тапсыру мерзімі бірнеше айдан кейін болмақ. Онда сарбаздар алғаш рет парашютпен секіреді.

Десанттық-шабуылдау әскерлеріне шақырылған, Астанадан келген Дмитрий Сүлейменов беренді техника жүргізудегі алғашқы сынақтың қалай болғаны жөнінде өз әсерін айтып берді.

-Үлкен техниканың үстіңнен өтіп бара жатқанын көргенде бойыңды қорқыныш сезімі билейді. Әрине, бұл сынаққа біз жан-жақты дайындалдық. Дегенмен, бұл сынақ бізге мақсатыңа жету үшін шыдамды болуды үйретті. Сезімімді сөзбен жеткізу қиын.

Одан бөлек командирдің “Техниканың көзін құрту үшін, граната муляжын лақтыру керек, БТР өткенін күту жеткіліксіз деген сөзі сынақ бойы есімізде болды. Жалпы айтқанда, бұл жауынгерлік тапсырманы сәтті орындағанымды мақтан етемін. Бұл бізге мақсатыңа жету үшін шыдам, сабыр көмекке келетінін ұғындырды. ”

Айта кетейік, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жас жауынгерлері салтанатты рәсімде ант қабылдайтын болады. Бұл аталмыш рәсім 29 қазанда өтетін болады. Содан кейін бір айдан соң олар жақындары, достарымен бас қосып алғашқы жетістіктерімен бөлісетін болады.

Сонымен қатар жас жауынгерлер алдағы уақытта ату, оқу, далалық оқу сондай-ақ парашютпен секіру сынды бір жылдық қызмет атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары