$ 444.14  477.05  4.85

Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Ол 2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағын 16 желтоқсан күні қорғайды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Vesti.kz жазуы бойынша, боксшының жекпе-жегі жайлы ресми ақпарат жақын уақытта жарияланады. Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров 2009 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары