31.10.2023, 01:30

Экс-премьер министрге Көлбаев қылмыстық тобы сыйлаған люкс бронды көлік тәркіленді

Фото: KABAR

Тапқан активтерін өз атына тіркеп, ары қарай оны кей саясаткерлерге беріп отырғаны анықталды.

Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа сыйлаған люкс санатындағы бронды автокөлік тәркіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Kazinform мәліметінше, қаза болған қылмыс әлемінің серкесі Қ.Көлбаев пен онымен үлестес болған тұлғалардың заңсыз жолмен иемденген мүлкін анықтау үшін жүргізілген жедел-іздеу шаралары аясында Қырғызстан азаматы Мурат Рамонов ұсталды.

М.Рамонов бәрін заңды деп көрсету үшін Қ.Көлбаевтың қылмыстық жолмен (рэкет, бопсалау, алым-салық, есірткі саудасы) тапқан активтерін өз атына тіркеп, ары қарай оны кей саясаткерлерге беріп отырғаны анықталды.

2020 жылдың қазанында М.Рамонов Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Сапар Искаковқа қамаудан босағаннан кейін 2015 жылғы «Мерседес-Бенц S600» маркалы бронды автокөлік сыйлаған.

ҚР ҰҚМК дерегі бойынша, 2020 жылдың 5 қазанында Сапар Искаков кейбір саясаткерлермен бірлесіп, бұл көлікті «Ала-Тоо» орталық алаңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру үшін пайдаланған.