$ 443.37  474.49  4.83

Оралда 85 жастағы кейуананы ұрып-соғып, тонап кеткен

Келген залал көлемі – 3,5 млн теңге.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оралда 85 жастағы кейуананың үйіне басып кіріп, тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 қазан күні шамамен сағат 11.30-да белгісіз біреу 1938 жылғы зейнеткердің үйінің есігін қаққан.

Есікті ашқан кейуанаға бірнеше соққы жұмсаған.

Содан кейін үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың Ресей рублін (5 мыңдық купюралар) жымқырып кеткен.

Келген залал көлемі – 3,5 млн теңге.

Қылмыстың орын алғаны туралы ақпарат түсісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Арнайы жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Орал қаласының 1991 жылғы тұрғыны анықталып, қолға түсті. Тексеру барысында оның бұрын алаяқтық, ұрлық және тонауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді. Ұсталған күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары