Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды және қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады.
2023 жылғы 31 қазанда ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен айыпталған сотталушы Н. Әлтаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отырыс барысында сотқа прокурор тарапынан куәгердің берген жауаптарына байланысты өзінің және отбасы мүшелерінің өмірлеріне белгісіз тұлғалардан қауіп төніп тұрғандықтан, қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш түсті.
Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды және қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады.