01.11.2023, 07:30

Қарашаның алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.