01.11.2023, 10:00

Атырау тұрғыны 15 қабаттан секірмек болған

Фото: polisia.kz

28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді.  

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Polisia.kz мәілметінше, 31 қазан күні сағат 14:21 шамасында “102” арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.

28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді. Қазіргі таңда азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.