01.11.2023, 13:00

Қоянбаев алаяқтардан сақ болуға шақырды

Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan

Желі қолданушылары актер айтқан ақпаратты көргенін жарыса жазды. 

Актер Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында белгісіз біреулердің өзі жайлы жалған ақпарат таратқанын жеткізіп, оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ғаламторда, әлеуметтік желіде мен жайлы жалған ақапарат тарап жатыр. Менің тегімді пайдаланып, алаяқтар белгісіз сайтқа шақырып жатыр. Олар - алаяқтар! Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар. Олар сіз жайлы ақпарат пен ақшаңызды тартып алуы мүмкін, - деді видеода Қоянбаев.

Желі қолданушылары актер айтқан ақпаратты көргенін жарыса жазды.

"Көрдім. Жалған екенін түсіндім", "Әлеуметтік желіде көрсем, шағым түсіріп отырамын", "Сізге осы жайлы жазғанмын", "Ескертіп қойғаныңыз дұрыс", - деп жазды желідегілер.