01.11.2023, 14:40

ІІМ «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com

Биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған.

Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» екілді жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы видео тарап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі  ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Министрліктің хабарлауынша, бұл туралы дерек Қазақстанда тіркелмеген.

Бүгінгі таңда біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ, – деді ІІМ.

Биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алған. Зардап шеккен балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жолда жүру тәртібін сақтауға шақырады.