01.11.2023, 18:00

Қызылордалық полицей әлем чемпионы болды

Фото: polisia.kz

Сайысқа 20-дан астам мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысты.

Қызылордалық полицей әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Грузияның астанасында қазан айының 26-31 аралығында жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті.

20-дан астам мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысқан әлемдік деңгейдегі сайысқа Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкері Нұршат Аманқосов 85 келі салмақта қатысты. Нәтижесінде әлемдік додада Молдова, Өзбекстан және Украина елдерінен келген қарсыластарын жеңіп,  Нұршат тарихи жеңіске жетті.