Құжатқа сәйкес, білім беру несиелерін «Қаржы орталығы» қадағалайды.
Коллежд студенттеріне оқу ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Оқу ағарту министрлігі оның шарты мен мөлшерін бекітті. Құжатқа сәйкес, білім беру несиелерін «Қаржы орталығы» қадағалайды.
Екінші деңгейлі банктер қарыз алушының өтінішін бірден осы орталыққа жібереді. Ал олар үш күн ішінде арызды тексеріп, шешім шығаруы тиіс. Қарыз техникалық және кәсіптік білім беру колледж студенттері үшін қарастырылған.
Барлық төлем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.