02.11.2023, 09:20

Алматыда мас күзетші оқушы қызға тиіскен

Фото: Pixabay

Бізде оның кішкентай қызға тиісіп, өзіне қарай тартып, сүйіп жатқан видеосы бар.

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде күзетші болып жұмыс істейтін ер адам алтыншы сынып оқушысына тиіспек болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы.

Бейнежазба жариялаған әйелдің айтуынша, оқиға Алматы қаласы Алатау ауданы Қарасу шағынауданында орналасқан №160 орта мектепте болған

Бұл қалай болды? Мұғалім оқушы қызға қоңырау шалып, оған бір зат беретінін айтады. Алайда қызды күтпестен затты күзетке қалдырып кетеді. Қыз оқу орнына келгенде мас күзетші бар екен. Бізде оның кішкентай қызға тиісіп, өзіне қарай тартып, сүйіп жатқан видеосы бар. Құдайға шүкір, қыз одан қашып құтылады, — дейді ата-аналардың бірі.

Қалалық білім басқармасы бұл фактіге қатысты шұғыл шаралар қабылданғанын мәлім етті.

№160 орта мектепте қауіпсіздік қызметін көрсететін «Алтын әлем групп» компаниясына мектеп әкімшілігі тиісті хаттама толтырды. Сонымен қатар, аталған серіктестікке келісім-шартты бұзу туралы шағым мен хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, күдікті 15 тәулікке қамауға алынды, - деп атап өтті білім басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық Полиция департаменті Алатау аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Сараптама тағайындалды. Жағдай анықталуда.