Қарсыластың айқын басымдылығына қарамастан, Құламбаева Польшадан келген қарсыласын жеңіп кетті.
Қазақстандық Жібек Құламбаева Тунистің Монастирінде өткен жарыстың айқын көшбасшысын ұтып, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
WTA рейтингінде 518-орында тұрған Жібек Құламбаева Тунистің Монастир қаласындағы кортта жекелей сында Вероника Фальковскаямен (турнир кестесінде 321-орын) кездесті. Қарсыластың айқын басымдылығына қарамастан, Құламбаева Польшадан келген қарсыласын жеңіп кетті.
Ойын нәтижесі 3:6, 7:5, 6:3 болып, біздің теннисші ITF турнирінің 1/8 кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан теннисшісінің келесi қарсыласы швейцариялық Сьюзан Бандекки (365-орын) болмақ.