Газада құрбандар саны 8 жарым мыңнан асты, олардың 3 мыңға жуығы балалар.
Газа секторындағы барлық тұрғын үйлер қирап, оннан бірі жермен-жексен болған. Салдарынан 280 мыңнан астам адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы "The Economist" басылымы хабарлады. Жергілікті халыққа уақытша көмек көрсету қолға алынған. Бірақ бар үйлерде ине шаншар жер жоқ. Сол себепті тұрғындар паналаудың басқа амалын іздеуге мәжбүр.
Газада құрбандар саны 8 жарым мыңнан асты, олардың 3 мыңға жуығы балалар. Қақтығысқа қатысты пікір білдірген БҰҰ ұрысты дереу тоқтатуға шақырды.