$ 494.87  520.65  4.91

Депутат: Қазақстанда ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы керек

Оның айтуынша, халық бүгінде табысының 55 пайызыны тамаққа жұмсайды.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Алайда елімізде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері тым аз. Енді депутаттар оны 200 мың теңгеге дейін көтеру керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мәжілістегі ЖСДП фракциясының депутаты Асхат Рахымжанов ең төменгі жалақыны 200-210 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды.

Оның айтуынша, халық бүгінде табысының 55 пайызын тамаққа жұмсайды.

ЖСДП партиясы ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Біздің есептеуіміз бойынша, орта жағдайы бар қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы шамамен 200-210 мың теңге болуы керек, – деді Асхат Рахымжанов.

Бұл ретте, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов та Перзидент Жолдауындағы жаңа экономикалық саясатты еске түсірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа экономикалық саясатты жариялады. Оның түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ең бастысы, бұл құжатта әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, ел өмірін жақсартуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, – деді Ерлан Қошанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 9
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары