02.11.2023, 17:20

Айжан Байзақова ұлының тегін өзгертпейтінін айтты

Фото: instagram.com bayzakova

Желі қолданушысының бірі блогерден "Аланның тегін ауыстыру жайлы ойладыңыз ба?", - деп сұраған.

Блогер Айжан Байзақова үлкен ұлы Аланның тегін не үшін өзгертпейтінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Желі қолданушысының бірі блогерден "Аланның тегін ауыстыру жайлы ойладыңыз ба?", - деп сұраған. Ал Байзақова ұлының тегін ауыстыруға келіспейтінін ашып айтты.

Әкем түрмеде отырған кезде көңілін көтеру үшін, балама әкемнің тегін бердім. Менен қанша рет ұлымның тегін ауыстыруды сұраса да, мен келіспеймін. Оның үстіне ұлымның аты-жөні жағымды естіледі. Менің тұңғышыма аяғым ауыр кезде және одан кейінгі екі жыл ішінде балам әкесінің туыстары жайлы білмеді. Әкесі де ұлымның қазіргі тегіне қарсы болмады. Тек жақында ғана олар ұлымның тегін ауыстырғысы келді. Алайда мен қарсы болдым. Себебі, алғашқы күннен Аланды күткен менің әкем үшін бұл әділетсіздік болар еді, - деп жауап берді блогер.

Айта кетейік, Айжан Байзақова бүгінгі таңда тұрмысқа шығып, қазір екінші сәбиінің дүниеге келуін күтуде.