$ 441.66  475.14  4.86

Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлемдер тағайындалды

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайтыс болу туралы куәлік негізінде тағайындалады

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлемдер тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

2023 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко атындағы шахтада орын алған апат салдарынан қаза тапқан 17 кеншінің  балаларына жәрдемақылар мен төлемдер тағайындады, делінген хабарламада. 

Қайтыс болған 46 кеншінің 21-інің қамқорлығындағыларға әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі.

1.Республикалық бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы.

Осы жәрдемақының мөлшері қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың санына қарай айқындалады және олардың ай сайынғы мөлшері 37 322 теңгеден (1 балаға) 111 560 теңгеге дейін (5 балаға) болады.

Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін аналарға да тағайындалды.

2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.

Бұл төлемнің мөлшері қайтыс болған адамның табысы мен оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі негізінде анықталады. Төлемдер мөлшері айына 56 мың теңгеден 272 мың теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер балалар 18 жасқа толғанға дейін, ал жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленетінін естеріңізге саламыз.

Айта кету керек, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайтыс болу туралы куәлік негізінде тағайындалады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, МӘСҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары