03.11.2023, 10:00

Мұхит Амантаев: «Балалар қазақи болса екен деймін»

Ол сұхбат барысында ұлтты сүю, қазақи болмыс төңірегінде ой өрбітті.

Спорт жаттықтырушысы Мұхит Амантаев Qasqa jol youtube арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол ұлтты сүю, қазақи болмыс төңірегінде ой өрбітіп, жастарды қазақилыққа баулу керектігін айтты. 

Өз елімізде жүргеннен кейін , қазақ болғаннан кейін өзін патриот санау керек. Елін сүю керек, жерін сүю керек. Мен өзімді елімнің патриотымын деп ойлаймын. Мынандай бір тамаша сөз бар, "ұлтшыл емеспін, ұлтжанды адаммын" деген. Сол секілді мен ұлтжанды адамдардың бірімін.

Бұл жерде ешқандай ұлтты бөліп жатқан жоқпыз. Мен жалпы адамдарды ұлтына нәсіліне бөлмеймін. Алла Тағала бәрімізді адам етіп жаратқаннан кейін, неліктен бір-бірімізге мейір-махаббатпен, адами құндылықпен өмір сүрмеске?

Өзім спорт саласында шәкірт тәрбиелгендіктен, балалар қазақи болса екен деймін.

Қазақи деген ұғымның өзі керемет. Адам қандай болу керек десе, қазақ сондай болу керек деп айтылған деп ойлаймын. Қазақта анаңды құрметте, анаңды сыйла, сенің даусың әкеңнің даусынан жоғарылап кетпеуі керек, інілік міндетіңді атқар, ағалық міндетіңді атқар деген керемет ұғымдар бар, дейді Мұхит Амантаев.