$ 489.06  536.21  5.05

Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

Бұған дейін әнші әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жыл болғанын айтқан. 

Фото: serikbol_sailaubek
Фото: serikbol_sailaubek

Әнші Серікбол Сайлаубек "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болып, отбасылық құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Көзім екінші топқа өтті. Кейбір кезде тойға барғанда танымай, өтіп кетемін. Сондай сәтте ол кісіге мені түсінуі керек пе еді? Мен сондай жағдайда арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады? Ол кезде ешкімнің көңіліне қарайтын жағдайда болмадым. Айттым, енді ол кісі өзі көреді. Өмір мұнымен тоқтаған жоқ. Ең бастысы, басымыз аман, деніміз сау.

Білмеймін ғой не себеп болғанын? Мен ұрысатын азамат емеспін. Бір бәле бастайтын адам емеспін. Ер адамға не керек? Тамағың бар, киімің таза болса, басқа ештеңе керек емес қой.

Жағдайын жасадық, бәрі толық. Мен ол кісіні кінәлай да алмаймын. Мүмкін, кінә өзімде де бар шығар. Мен білмедім ғой. Отадан кейін көзім нашарламай, жақсы болып кетсе, әрекетім басқаша болар ма еді? Мен өз-өзіме енді келіп жатырмын. Өзіме мотивация беріп жүрмін. Ол енді сынақ қой. Көтере алатын болғасын, Алла сондай сынақ берген шығар, - деді жан сырын ақтарған әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдың жүзі болғанын да баяндап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары