$ 494.87  520.65  4.91

ІІМ «Бәсе» арнасының авторларына не үшін іздеу салынғанын мәлімдеді

Іс Астана қаласында қозғалып, Ішкі істер министрлігі іздестіру жұмыстарын бастады.

 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жуырда «Бәсе» арнасының авторлары Айдос пен Наталья Садықовтарға қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат БАҚ-та тарады. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі оларға неліктен іздеу жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Деректерге сай, олар желіге шындыққа жанаспайтын, ұлтаралық араздыққа шақыратын видео жариялаған.

Оларға іздеу 24 қазанында салынғаны белгілі болды. Іс Астана қаласында қозғалып, Ішкі істер министрлігі іздестіру жұмыстарын бастады.

Уәкілетті орган YouTube арнасында шындыққа сәйкес келмейтін, ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады. Қылмыстық істі ІІМ Тергеу департаменті тергеп жатыр. 2014 жылдың 17 наурызында Ақтөбе қаласының №2 соты жалған жала жабу бойынша аталған тұлғаларға мемлекетаралық іздеу салынған. Кейіннен бапты әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға байланысты іздеу тоқтатылды, – деді ІІМ баспасөз қызметі.

2014 жылдың наурыз айында Ақтөбе қалалық сотының судьясы журналист Наталья Садықованы қамауға алу туралы сырттай қаулы шығарған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықов Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube (996 мың жазылушы бар) және Telegram арналарын (92 мыңнан астам жазылушы бар) «Бәсе» арнасын құрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары