03.11.2023, 21:30

Еліміз тағы да өзінің бейбіт ұстанымы мен пацифистік саясатын айқындап берді - Самат Нұртаза

Фото: Samat Nordman Nurtaza facebook парақшасынан

Жапырақтай жерге қан-жоса соғысқан Газа аймағындағы бейбіт тұрғындардың жазығы жоқ екені белгілі.

Газа Секторындағы жағдай ушығып бейбіт тұрғындар, балалар және қарттар соғыс азабын шегуде. Осы орайда Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар көмек береді. Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза аталған көммекке байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар көмек береді

 

Дүниежүзінде бір дүрбелең басталғанын менсіз-ақ біліп отырған шығарсыздар. Әр мемлекет өз шекарасы мен өз дербестігін сақтап қалуға мүдделі, сол мүдде үшін жұмыс жасайды. Геосаяси, Географи, Логисти тұрғысынан қарасақ та, Қазақстанның тұрған жері - нағыз гегемондардың мүдделері тоғысатын жер. Біреуіне сәл қаттырақ жымисаң, екіншісі ренжитін заман… бірақ дамуды тоқтатпай, ілгері қадам басу керек, - деді ол.

Самат Нұртазаның айтуынша, Қазақстан Палестинаға көмегі арқылы бейбіт ұстанымы мен пацифистік саясатын айқындап берді.

Осындай аласапыран заманда, біздің Ел тағы да өзінің бейбіт ұстанымы мен пацифистік саясатын айқындап берді. Жапырақтай жерге қан-жоса соғысқан Газа аймағындағы бейбіт тұрғындардың жазығы жоқ екені белгілі. Мұны барша әлем халқы мойындауда. Халық - қақтығыстың жазықсыз құрбандарына айналды. Осындай алмағайып шақта, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері одағының мерейтойлық Саммитінде сөйлеген сөзінде - Палестина жұртына құны миллион доллар тұратын гуманитарлық көмек беру туралы мәлімдемесі – талай тілеулес жанның жүрегінен табылғанына сенімдімін.