Скляр жаңа инвестордың қыркүйекте Тоқаевтың бизнесмендермен кездесуіне қатысқанын айтты.
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазір компанияны сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Скляр жаңа инвестордың қыркүйекте Тоқаевтың бизнесмендермен кездесуіне қатысқанын айтты. Вице-премьер әзірге басқа мәліметтер берген жоқ.
Қазір біз компанияның атауын айта алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен сатып алатын отандық инвестор болады. Біріншіден, біз оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция сала алатынына көз жеткіземіз.
Роман Скляр