04.11.2023, 22:30

«Тобыл» Еуропа лигасына жолдама алды

Фото: http://tobyl-torgai.kz/

Жалғыз голды 68 минутта Ислам Чесноков соқты.

«Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Астана Аренада» өткен матчта «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары кездесіп, қостанайлық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 68 минутта Ислам Чесноков соқты.

Осылайша «Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды. Соның арқасында команда келесі маусымда Еуропа лигасына қатысады.

«Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) 0:0

Гол: Чесноков 68

Төреші: Омаров Рустам (Алматы)

4 қараша. Астана. «Астана Арена»