05.11.2023, 05:30

Қытай ғарышқа 495-ші спутнигін жіберді

Фото: Pixabay

Құрылғы негізінен жоғары жылдамдықтағы байланыс технологияларына зерттеу жүргізуді мақсат етеді.

 

Қытай 495-ші рет ғарышқа спутнигін жіберді. Бұл туралы 24.kz хабарлады, деп жазады  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытай эксперименттік байланыс спутнигін ғарышқа жіберді.

Зымыран Хайнань провинциясының оңтүстігіндегі Вэнчан ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Құрылғы негізінен жоғары жылдамдықтағы байланыс технологияларына зерттеу жүргізуді мақсат етеді.

Чанчжэн сериясындағы зымыран тасығыш осымен 495-ші рет ғарышқа жолданды.