Бірінші партияда Қазақстан мен Қытай дуэті қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ.
Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Монастир қаласында өткен ITF W25 турнирінде жұптық сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Жібек Құламбаева Қытай спортшысы Гао Синьюймен бірге финалда Беларусьтің Алена Фалей мен Ресейдің Полина Яценкоге қарсы ойнап, жеңіске жетті.
Бірінші партияда Қазақстан мен Қытай дуэті қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ. Есеп 6:0 болып аяқталды.
Екінші сетте Беларусь пен Ресей теннисшілері 6:2 есебімен есе қайтарды. Содан кейін супер тай-брейкте Құламбаева мен Синьюй 10:7 есебімен таблодағы есепті өзгертті.
Осылайша Жібек Құламбаева жұптық сында кезекті титулын иеленді. Ол осымен халықаралық турнирдегі жетінші рет жеңіске жетті.