$ 495.2  522.34  4.94

Бүгін елімізде 45 әкім сайланады

Сайлау алдындағы үгітті өткізу Сайлау туралы конституциялық заңмен реттелген.

 

 

 

 

 

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Бүгін, 5 қарашада елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын тағайындады.

Сайлау күні туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қаланың тізбесін бекітті.

Сайлау 5 қарашаға белгіленді.

Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы бүкіл қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталды және сайлау күніне 25 күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталды.

Ал кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күніне 25 күн қалғанда және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша сағат 00.00-де тоқтатылды.

Сайлау алдындағы үгітті өткізу Сайлау туралы конституциялық заңмен реттелген.

Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланған әкім болып саналады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары