$ 441.66  475.14  4.86

Қайрат Боранбаев шартты жазамен бостандыққа шықты

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

Фото: kapıtal.kz
Фото: kapıtal.kz

Мемлекетке қыруар қаражат пен дүние-мүлік қайтарған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты жазамен бостандыққа шықты. Бұған дейін ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Ақмола облысының соты 20 қазанда бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілген.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:

– сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;

– мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;

– қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев 2022 жылдың наурызында қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, Қайрат Боранбаев өзінің сенімді адамы Роман Нахановпен, Ибулла Серді және Тайыр Жанұзақпен («QazaqGaz» ҰК» АҚ бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары) бірге 2019 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 11 ақпанына дейін «АзияГазЧунджа» ЖШС мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ арасында келісімге келген, компания 2 млн 26 мың 419 текше метр газды 141 681 676 272 теңгеге жеткізуге келіскен. Келісімге бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ Боранбаев компаниясына көрсетілген соманы аударған. Сотта кәсіпкерлердің газды арзанға сатып алуға болатынына қарамастан, мемлекет қаражатын жұмсағанын анықтады. Жуырда, кәсіпкер мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін, Алматыдағы «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне қайтарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары