$ 494.87  520.65  4.91

Өнеркәсіп министрлігі мен «ArcelorMittal Теміртау» компаниясы мәлімдеме жасады

Тапсырысты брондау, келісім-шарт жасау, жөнелту, шот-фактура жасау және жеткізушілермен келісім-шарт жасауды қоса алғанда, AMT бизнес-процестері әдеттегідей тәртіпте жұмыс істейді.

 

 

фото: wikipedia.org
фото: wikipedia.org

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «АрселорМиттал Теміртаумен» бірлесіп компанияның жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің хабарлауынша, «ArcelorMittal Temirtau» (AMT) компаниясының Костенко көмір шахтасында сенбі күні, 2023 жылғы 28 қазанда болған апаттан 46 ержүрек кеншінің қаза тапты. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларын қолдау үшін барлық күш-жігер жұмсалуда және оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ArcelorMittal компаниясының ArcelorMittal Temirtau меншігін Қазақстан Республикасы Үкіметіне беру жөніндегі хабарламалары туралы хабардар болуыңыз мүмкін. Бұл келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілді және АМТ-ның, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің болашағына қатысты жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal алдын ала келісімге келді. ArcelorMittal Temirtau ішкі және аймақтық нарықтағы ең маңызды болат жеткізушілердің бірі. Осы жылдар ішінде компания барлық таңдалған нарықтарда өзін болат тұтынушылары үшін стратегиялық серіктес ретінде көрсете білді. Сондықтан АМТ қызметінің тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға қолайсыздықтар туғызбау үшін барлық күш-жігер жұмсалады, – делінген ресми ақпаратта.

Министрлік пен компания барлық мүдделі тараптарға, әсіресе, AMT клиенттеріне, мердігерлеріне, жеткізушілеріне де арнайы мәлімдеме жасады:

1. ArcelorMittal Temirtau-мен (AMT) байланысты (оның ішінде Теміртау металлургиялық зауыты, көмір бөлімшесі, Өркен, еншілес кәсіпорындары, оның ішінде Ақтау құбыр зауыты және ТМД елдеріндегі өкілдіктері) барлық құқықтар мен міндеттемелері сақталады.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі және АМТ, компанияның барлық құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде тапсырыс берушілермен жеткізу келісім-шарттары, тауарлар мен қызметтерді қабылдау, оның ішінде жеткізушілерден мердігерлік қызметтерді қабылдау, қызметкерлер алдындағы міндеттемелердің сақталуы және т.б. бөлігінде бизнестің толық жалғасуын қамтамасыз етеді.

3. Тапсырысты брондау, келісім-шарт жасау, жөнелту, шот-фактура жасау және жеткізушілермен келісім-шарт жасауды қоса алғанда, AMT бизнес-процестері әдеттегідей тәртіпте жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары