06.11.2023, 18:20

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Фото: polisia.kz

Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

6 қараша күні Алматы-Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.