06.11.2023, 20:30

Астанада автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды

Фото: Pixabay

Бетон араластырғыш жүк көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамаған.

6 қарашада Астанадағы Тұран даңғылында жол апаты орын алды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, бетон араластырғыш жүк көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, салдарынан аялдамада тұрған автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп атап өтті Астана қалалық ПД.