07.11.2023, 03:30

«9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны рас па?

Фото: Pixabay

Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-сілтеме жасап.

Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

"Бәйтерек" холдингі Отбасы банк жақында "9-20-25" бағдарламасын іске қосады. 9 пайыз жылдық үстемақы; 20 пайыз бастапқы жарна; 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады, - делінген ақпаратта.

Massaget.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.

"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті ("9-20-25" бағдарламасы іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ, - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.  Айта кетейік, бүгінде елімізде "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ.