$ 441.66  475.14  4.86

«Қара жаулықты шешетін уақыт келді»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы жоралғы жасап, елді тәнті етті

57 жасында дүниеден озған Қайрат Шерәліұлы мен Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар. 

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының жылдық асын беріп, жазба жариялады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, журналистің анасы қызына тілек айтып, бір жыл бойы таққан қара жаулығын шешті. 

Өзімнің басымнан да бұл дәстүр өтті. Жолдасым қайтқанда әулеттің үлкендері де қара жаулығымды шешіп, ақ орамал салған. Ендігі өмірі ақ болсын, бағы ашылсын, балаларының қызығын көрсін, деген ниетпен жасалатын жоралғы”, – деп түсіндірді анасы. 

Ал, тележурналист күйеуіне деген естілігімен бөлісті. 

Уақыт, не деген жүйрік едің ағын судай…Бүтін жүректің екіге айрылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды.
Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер… Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын! Барымызды, бақытымызды бағалайық…, – деп жазды ол. 

Айта кетейік, журналистің жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. 57 жасында дүниеден озған Қайрат Шерәліұлы мен Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары