$ 443.44  480.51  4.88

Бұрын сотталған мыңнан астам азамат қайта қылмыс жасады

Оның 383-і әлі жазасын толық өтеп бітпеген.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында бұрын сотталған мыңнан астам азамат қайта қылмыс жасады, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, 67 жастағы павлодарлық 2018 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды, ал 2020 жылдың тамызында шартты түрде мерзімінен бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды және 5 жылдан сәл астам өтелмеген жаза мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілі бір міндеттерді орындауға тиіс болды.

Алайда бостандыққа шыққаннан кейін, ер адам “іс жабылды” деп белгіленген шектеулерді сақтамай, алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланған ол 2021 жылы жұбайына дене жарақатын салғаны үшін жауапқа тартылды, сол жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды. 2023 жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін екі рет жауапқа тартылды.

Бірнеше рет үйде мас күйінде болған, бұл қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қатаң тыйым салынған. Есептегі тұлға тарапынан осы құқық бұзушылықтардың негізінде Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің басшылығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сәттен бастап қалған өтелмеген мерзімге осы адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сотқа жазбаша өтінішпен шықты. Есептегі тұлға тарапынан осы құқық бұзушылықтардың негізінде Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің басшылығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сәттен бастап қалған өтелмеген мерзімге осы адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сотқа жазбаша өтінішпен шықты.

Сот бұл өтінішті қолдады және сот залынан бұзушы жазаның қалған бөлігін өтеу үшін түзету колониясына айдап әкетілді.

Қайталанудың алдын алу үшін учаскелік полиция инспекторлары өздеріне берілген аумақты қадағалайды. Олар түнгі уақытта сотталушылар тұратын пәтерлерді аралап, сот шешімі бойынша 23.00-ден кейін үйде бар-жоғын, алкогольді ішімдік ішпейтінін немесе көршілерімен жанжалдасып жатпағанын тексереді. Күндізгі уақытта үй тұрғындарынан жергілікті жерлердегі жағдай туралы толық, объективті көрініске ие болу үшін көршілері туралы не айтатыны сұралады, – деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары