07.11.2023, 17:00

Қазақ боксшысы Сочиде ресейлік спортшыны жеңді

Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Алтынбек Ибрагимов (0-1) кәсіпқой мансабындағы екінші кездесуін өткізді.

Қазақстандық боксшы Алтынбек Ибрагимов (0-1) кәсіпқой мансабындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Kazinform мәліметінше, 26 жастағы Ибрагимов Сочидегі (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетті. Қарсыласы – 24 жастағы ресейлік дебютант Марат Гаспарян. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Екі боксшы төрт раунд бойы жұдырықтасып, Ибрагимов төрешілердің дауыс басымдығымен жеңіске жетті.

Осылайша Алтынбек Ибрагимов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізсе, Марат Гаспарян бірінші рет жеңілді.