$ 494.87  520.65  4.91

Бюджетке 857 млрд теңгенің активтері қайтарылды: Антикор тәркіленген виллаларды көрсетті (ВИДЕО)

Ведомство өкілдері заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 айдағы жұмыс нәтижелері туралы мәлімдей келе, осы уақыт аралығында елімізде 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның ішінде 1100-ден астам адам әшкерелеген, оның 158-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Антикор мәліметінше, сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 млрд теңге залал өтелді.

2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті.

Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды, - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі – басшылар.

Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары