2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.
Евгений Кочетов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.
⠀Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
⠀2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.
⠀2016-2017 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
⠀2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.
⠀2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
⠀2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.
⠀2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.
⠀2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.