$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл «сала» да қазақылана бастапты». Журналист қайыр сұрайтындар көбейгеніне алаңдаушылық білдірді

Қазақтар бұл “мамандықты” да игеріп жатса, амал нешік?!

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Журналист Серік Абас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтар арасында қайыршылық көбейгенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, халық көшеге қатты мұқтаждықтан шығып жүргеніне атқамінерлер назар аударуы керек. 

Бұрынырақта көшеде қайыр тілеп жүргендердің көбі сыған(дар) сияқты еді. Қазір бұл “сала” да қазақылана бастапты. Қайыршылардың арасында қазақтардың пайда болуы (дәлірек айтсақ көбеюі) бізді қуантатын немесе ахылап-үкілетіп мысал емес. Басқа ұлттан артық та емеспіз, кем де емеспіз. Бірақ алаңдататын нәрсе (әрине).

Қайыршылық – кей халықтың өкілдері үшін өмір салты болуы мүмкін. Құдайға шүкір, бізде ондай салт болған емес ешқашан. Мүмкін бұл кейбіреулерге азды-көпті табыс әкелетін “мамандық” шығар? Олай да болуы мүмкін. Он екі мүшесі сау қазақтың басқалардың есебінен өмір сүруге тырысуын еріншектіктен басқа себеп түсіндіре алмайды. Қазақтар бұл “мамандықты” да игеріп жатса, амал нешік?!

“Біздің елде бәрі керемет, қазақтар ресейге қаңғып барып жұмыс істеп жүрген жоқ, көршілеріміз сияқты” деп мақтанатын кей атқамінерлер бұған не айтар екен? Қайыр тілегеннен гөрі әжетхана тазартса да маңдай термен тапқан тиын-тебен мың есе артық емес пе?

Бір үзім нанға зар болмаса да берілетін көмекке қатты мұқтаж адамдардың бар екенін ұмытпайық, ең бастысы. Олардың көшеге жетіскеннен шығып жүрмегені анық.

Өкінішті әрине. Өмір шындығы осы…- деп жазды Серік Абас-Шах.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары