08.11.2023, 03:30

Бауыржан Сатов өгей әкесімен тіл табыса алмағанын айтты

Фото: Youtube/Urpaq Podcast

Ол анасының таңдауын қабылдай алмаған.

Отандық танымал жүргізуші әрі актер Бауыржан Сатов Urpaq подкастына берген сұхбатында өгей әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің туған әкесі дүниеден өткен соң, анасы екінші мәрте тұрмысқа шыққан. Ол анасының таңдауын қабылдай алмай, өгей әкесімен тіл табыса алмағанын айтты.

Әкем қайтқан соң, анам тағы да тұрмысқа шықты. Қарындасым дүниеге келді. Ол кісімен де жақын болмадым. Өгей әкем ғой. Қабылдай алмадым. Ол кезде он жастамын. Анамды қызғандым. Басында қызғаныш сезімі болды. Өгей әкем өзі қатал кісі болды. Мейірімін көрсете алмады ма, әлде мен көре алмадым ба? Білмеймін. Әйтеуір бір-бірімізбен тіл табыса алмадық. 

Сол бойы тіл табыса алмай кеттік. Ол кісі де бірнеше жыл бұрын қайтып кетті. Маған ер адамның қамқорлығы жетіспеді. Бір нәрсе болса, келіп ақылдасатын адамым болмады. Өгей әкем ондай бола алмады. Біз сөйлесе алмадық. Сөйлеспейтінбіз. Өзі салқын кісі болды. Тіпті дастархан үстінде әңгімелеспейтін едік. Бұл өгей үшін де екінші неке болды, - деді ол.