$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде енді несие алу қиындайды

Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда несие беру тәртібі қатаңдатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл елімізде несие көлемін азайту үшін жасалып отырған қадам. Ұлттық банк ол үшін заңға қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын хабарлады. Ең алдымен несие алушының табысына қатысты талап күшейтілмек.

Яғни, банктер қазіргідей берешекті оңды-солды бере бермейді. Клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек. Бұл адамдарға артық қарыз беруді шектейді дейді мамандар. Сондай-ақ, сарбаздарға несие беруге тыйым салынбақ.

Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары