7 қазанда ХАМАС ұйымының сарбаздары Израильге шабуыл жасап, 1 400 адамды атып тастаған болатын. Кейін 240 адамды тұтқынға алған.
Бүгінге дейін Израильдің бейбіт тұрғындарды бомбалауының кесірінен 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың арасында балалар көп. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Антониу Гутерриш Израильдің Газа секторындағы ұрыс қимылдарын сынап, бейбіт халықты бомбалауды дереу тоқтатуды талап етті. Сонымен қатар, Газа халқына гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыра беру керектігін айтты.
Қазір Израильдің бейбіт тұрғындарды бомбалауының кесірінен 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың көбі – балалар мен әйелдер. Халық бомбадан сақтану үшін ауруханаларды, босқындар лагерьлерін, мешіттер мен шіркеулерді паналауға мәжбүр болып отыр. Бірақ Израиль соған да қарамай, азаматтық инфрақұрылымдарды соққының астына алып жатыр. Соның кесірінен Газа балалар моласына айналып барады, – деді БҰҰ бас хатшысы.
Оның айтуынша, Газаның 2,7 млн халқына гуманитарлық көмек беру үшін 1,2 млрд доллар керек. Айта кетейік, Қазақстан да Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек берді.
Еске салсақ, 7 қазанда ХАМАС ұйымының сарбаздары Израильге шабуыл жасап, 1 400 адамды атып тастаған болатын. Кейін 240 адамды тұтқынға алған. Кей ашық дереккөздеріне сүйенсек, ХАМАС 180 адамды, «Ислам жиһады» ұйымы 40 адамды және басқа да палестиндік ұйымдар 20 адамды тұтқында ұстап отыр.