Автокөліктің рулінде Кеңқияқ ауылының 57 жастағы тұрғыны болған.
Ақтөбе облысындағы автожолда сиырмен соқтығысқан көлік толықтай өртеніп кетті, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 8 қарашада таңғы мезгілде Покровка – Ембі – Кеңқияқ автожолында Toyota Ipsum автокөлігі мен сиыр малының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жолға шыққан сиырмен соқтығысу салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі толықтай өртеніп кетті. Оқиға Кеңқияқ ауылынан 30 шақырым қашықтықта орын алды.
Автокөліктің рулінде Кеңқияқ ауылының 57 жастағы тұрғыны болған. Такси қызметін ресми түрде жүзеге асырған жүргізуші 7 жолаушысымен бірге Ақтөбе қаласына бара жатқан.
Жол-көлік оқиғасы садарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда мал иесін анықтау шаралары қабылдануда.