09.11.2023, 05:30

Той үстінде аяқ сүйген қалыңдықтың әрекеті жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Анандиді көріп алған қазақтар-ай...

Ұзатылып бара жатқан қыз той үстінде анасының аяғынан сүйіп алған. Қыздың бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары көп талқылаған видеоны Facebook парақшасында Әмина Смағұлова бөлісіп, сынай жөнелді.

Мына видеода жас келін жығылып, сәукелесі қисайып құлап анасының, не енесінің бе аяғын сүйіп жатыр. Ананың аяғын сүю, күйеуінің аяғын жуу деген жабайылықты Төреғали, Жаһан, т.б милары уаххабизммен уланған әнші, актерлер бастаған еді. Осыны жазуға үлгермей жүргенмін. Міне, енді жастар да осыны қайталай бастапты. Қазақтың өз керемет салт-дәстүрлері бар емес пе, осындай нәрселер не керек?, – деп жазды Әмина Смағұлова есімді желі қолданушысы.

Видеоны көрген көпшілік үнсіз қалмады. Түрлі пікірді қарша боратты.

 Күйеуі тоқтатса ұят. Бұл жерде енесі тиым салуы керек еді. Болмаса, тойда отырған қонақтардың біреуі «ау, бұларың не, қойыңдар» дей алмай отырғаны қынжылтады», «Ата-аналары өздерін ұятқа қалдырып жатқанын түсінбей ме екен? Не деген көзбояушылық?! Сүйсін, күнде үйінде сүйсін. Бұл не сонда ? Білімсіздік пе? Нақұрыстық па?», «Анандиді көріп алған қазақтар-ай, – деп жазды оқырмандар.