$ 494.87  520.65  4.91

Димаш УЕФА-ның штаб пәтеріне барды

Қазақстан Республикасы осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жыл болды.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Швейцарияға жұмыс сапары кезінде Димаш Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды.Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еуропадағы және Азияның кейбір батыс аймақтарындағы футболды басқаратын осы спорттық ұйымның негізгі орталығы Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасы осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жыл болды. Соңғы 4 жылда УЕФА ұйымында жалғыз қазақстандық Дәулет Уранхаев еңбек етіп келеді.

Бала кезінен футболды жақсы көретін және осы қызықты ойынның үлкен жанкүйері Димаш футболдың да үлкен өнер екенін айтып өтті. 

Менің ойымша, футбол, музыка сияқты, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіре алатын өнер. УЕФА Чемпиондар Лигасының әлемге әйгілі Әнұранының үйінде болу үлкен мәртебе болды, оны осы спорттың барлық әуесқойлары біледі, деді Димаш. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары