09.11.2023, 13:00

Роза Рымбаева: Орден-медаль біздің өмірімізді еш өзгертпейді

Фото: instagram/rozarymbaeva

Сенсеңіздер Әлидің бөлмесінің бәрі медальмен толып тұр.

Белгілі әнші, Қазақстанның Еңбек ері Роза Рымбаева журналист Динара Сәтжанға сұхба беріп, Әли Оқаповтың медаль алуына қатысты пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, Әлидің бұл медальдан да басқа марапаттары жеткілікті. 

Көбі Әлидің музыка өнеріндегі жетістіктері жайлы біле бермейді, сенсеңіздер оның бөлмесінің бәрі медальмен толып тұр. Оның бәрін біз жария ете бермейміз... Оны кәсіби өнер иелерінің бәрі біледі, сол медальмен байып кетпедік, бұған дейін қалай өмір сүрдік, солай жүре береміз.

Мен халықтың қарсы болып жатқанын тек үшінші күні білдім, басында тек ұлыма орден берілгенін естідім, шыны керек таң қалдым. Мен желіде көп отыра бермеймін, ондағы пікірлерді де көп оқымаппын. Сол күндері мен жұмыс істеп, қолым тимеді шыны керек, тек осы оқиғалар басталғалы бері, тек үшінші күні ғана естіген шығармын. Бәрінен бұрын Мәдиге қиын болды, ол өзі үшін емес, ағасы үшін қатты қиналды. Мама, олар оны сындырып жіберді, видеодағы түрін көрдің бе? Сағын сындырып жіберді деп қатты уайымдады. Одан кейін мен не істерімді білмедім. Сол күні түнімен ұйықтай алмадым, не жыларымды, не күлерімді білмедім. Жылайын десем, әлсіздігімді балаларыма көрсеткім келмеді.

Егер мен осылай жылайтын болсам, олардың жайы не болмақ деп өз-өзімді қолға алдым. Мәди айтады, мені да жамандады бәрі деп. Бүкіл пікірлерді оқымағаным жақсы болды. Айтайын дегенім, бұл орден, награда болсын, біздің өмірімізді, өмірлік принциптерімізді, кәсібилігімізді еш өзгертпейді, деді Роза Қуанышқызы.