$ 494.87  520.65  4.91

Садақ атудан 17 жасар отандасымыз Азия чемпионы атанды

Сондай-ақ, біздің ерлер классикалық садақ атуда екінші орынға ие болды.

Фото: Instagram/tyutyun_andrey___1
Фото: Instagram/tyutyun_andrey___1

Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілі Андрей Тютюн Бангкокта (Тайланд) өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысының тумасы, 17 жасар садақшы финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Джонходан басым түсті. Олар "блок түрінде садақ ату" бағдарламасында бақ сынап, 146:144 есебімен аяқталған сында отандасымызға сәттілік бұйырды. Андрей ауа райының қолайсыздығына қарамастан нысанаға дөп тиіп, Азия чемпионатының "алтынын" лайықты түрде жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.

9 қарашада тағы қос отандасымыз финалда өнер көрсетті, сонымен қатар Виктория Лянның "қолаға" таласуға мүмкіндігі болды. Өкінішке қарай, Тайпей өкілі Хуанг Ай-Ю оның жолын кесе білді.

Шешуші жекпе-жекте блок түрінде садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Корея командасынан ұтылып, күміс медальды місе тұтты. 

Сондай-ақ, біздің ерлер классикалық садақ атуда екінші орынға ие болды, бұл жолы да Оңтүстік Кореяның садақшылары алтын медальды іліп әкетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары