10.11.2023, 09:40

Шымкентте екі жүзден аса бала ішкі істер бөліміне жеткізілді

Фото: gov.kz

Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкентте мезгілсіз уақытта көшеде жүрген екі жүзден аса бала ішкі істер бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізді. Нәтижесінде 39 баланы уақытша бейімдеу орталығына жатқызды. Сондай-ақ ойын-сауық орталықтары мен тойханаларға жетпістен астам адамды заңсыз жұмысқа тартқан кәсіпкерлер   айыппұл арқалады. Қалада кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы қылмыс көбейіп кетті.Сондықтан, жыл соңына дейін жиі рейд жүргізілетін болады, деп жазды Хабар 24.

Осы қылмыс бойынша алдыңғы жылы 60 қылмыс болса, қазір 94 қылмыс болып отыр. Ұсақ бұзақылық та бар, ұрлық, тонау бар. Основном қазір көп қылмыс ұрлық. Осы бағыт бойынша қазіргі кезде Полиция департаменті күнделікті нақты жұмыстар жүргізіп, әр жерде профилактика өткізіп отырмыз, - дейді Қалалық  жергілікті полиция басқармасының бастығы Ұлықбек Мылтықов.