$ 494.87  520.65  4.91

«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды

16 жылдан бері тұрған қондырғыларды ауыстырмаған.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 1 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің мәліметінше, ведомство бірқатар өрескел заң бұзушылықтарға байланысты "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты ЖЭО-2-ге дайындық актісін беруден бас тартты.

Басқарма АМТ ЖЭО қазандықтарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының кестесін бұзғанын баса айтты. Таза газ қорабын орнату кезінде компания тот баспайтын болаттың орнына қара металды пайдаланған. Сондай-ақ компания жоба бойынша ауыстыруы керек болса да, 16 жылдан бері тұрған қондырғыларды ауыстырмаған. Елеулі ақауы бар 12 коллектор да ауыстырылмаған. Қазандық цехында газ құбырындағы жылу оқшауланбаған және шатырды жөндеу жұмыстары аяқталмаған.

Сондай-ақ ведомство таратқан хабарлама бойынша, биылғы қыста ЖЭО-да №3 турбогенераторды іске қоспау ықтималдығы жоғары екенін, өйткені АМТ қажетті жұмыстарды атқаруға тиіс жеткізушімен келісім-шарт жасасуды кешіктірген.

ҚР ӘҚБтК-нің 301-бабы негізінде "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына қарасты ЖЭО-2 1 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Төтенше жағдайлар туындау алғышарттарын жою үшін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 жылыту маусымы аумақтық департаменттің ерекше бақылауына алынады, – делінген департамент хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары