10.11.2023, 13:00

Астаналықтар абсурд аттракционына қатысып «ақымақтық ханын» таңдады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин: «Қазақтарда, еркек бар жерде, әйелдің сөз айтуға құқығы жоқ,» — деп Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік туралы осындай пікірін қалдырған. 

Күлкі — күнделікті күйзелістердің кесірінен туындайтын кернеуді жоюға және демалуға көмектесетін керемет антидепрессант. Стендаперлер мен комиктер өз әзілдерімен бізді жиі күлдіреді. Алайда, соңғы уақытта қоғам қайраткерлері, депутаттар мен көпшілікке танымал тұлғалар юмористтердің жұмысын орындап бастағандай. Қымбат костюмдегі салмақты адамдар өзекті мәселелер жайлы өз пікірлерін айтып, қоғамның алдында сайқымазаққа айналып жатыр. 

Жаңа Адамдар мұндай «әртістерді» «Абсурд аттракционында» жариялап, жұртты күлдірген болатын. Кез-келген адам айналмалы блок түріндегі «нысанға» арнайы жәрмеңкелік допты атып, әйгілі тұлғаның ақылға сыймайтын дәйексөзін көре алған. 

Бүкіл дәйексөздер көпшілік алдында ересек адамдармен айтылған. Айтылған сөздердің авторлары маңызды бір тақырыпты талқылағандарына немесе белгілі бір мәселенің шешілуі бойынша тиімді кеңес бергендеріне өте сенімді. Алайда, олардың бүкіл сөздері — күлкіден басқа эмоцияларды шақыра алмайтыны анық. 

Өздеріңіз қараңыздар, журналист Меруерт Әйтенова бақытсыз некеге ұшыраған жандар туралы: «Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, олардың қасында тіпті отырғым да келмейді,» — деп айтқан. 

Тағы бір мысал. Бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин: «Қазақтарда, еркек бар жерде, әйелдің сөз айтуға құқығы жоқ,» — деп Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік туралы осындай пікірін қалдырған. 

Павлодардың қалалық мәслихатының депутаты, Гүлжайна Даримова тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленетін балалар туралы: «Осы балалар кешке жақын үйде болып-болмағанын тексеру керек, немесе олардың мекенжайын біліп алу үшін, денелеріне чип жапсыруға болады. Мен болсам, осы балаларға чип орнатып қояр едім,» — деген ұсыныспен бөліскен. 

Біраз уақыттан кейін де, осы «комиктердің» ешқайсысы ақылға қонымсыз сөздері үшін кешірім сұрамай, бұны тіпті мойындауға жоқ.  Ең қорқыныштысы — осы атап өтілген және  басқа да көптеген қоғам қайраткерлері, «Абсурд аттракционына» жеткізген көзқарастарын ұстанып, маңызды мемлекеттік және қоғамдық істерді жүргізуді жалғастыруда. 

Жаңа Адамдар мемлекеттегі бүкіл қоғам қайраткерлеріне қандай да бір дүниені жарияламас бұрын, үш рет ойлауға кеңес береді, өйткені осы тұлғалардың сөздері мен шешімдері қарапайым адамдардың өмірлеріне тікелей әсер етеді. Айтылған сөз — оқпен тең. Аңдамай сөйлесен, келесі «Абсурд аттракционының» кейіпкеріне айналасың.