$ 441.58  480  4.86

Шымкентте 16 жасар бала скутермен апатқа ұшырап, қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкентте жол апатынан скутер мінген 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада сағат 19:40 шамасында болған.

Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары