Ойыншыларға оңай болған жоқ.
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Севильяда (Испания) өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогына қатысуда. Құрама сапында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық құрама капитаны Яролава Шведованың айтуынша, Елена Канкунде (Мексика) өткен жылдың қорытынды турнирінен кейін сырқаттанып қалған.
Канкундегі ойынды, оған дайындық дәрежесі қандай болғанын бәрі біледі деп ойлаймын. Ойыншыларға оңай болған жоқ, сол турнирден кейін теннисшілердің көбі жарақат алып, денсаулықтары сыр берді. Елена - турнирден кейін ауырып қалған бірнеше ойыншының бірі. Ол арқасын ауыртып алған. Тез арада жазылып, қатарға қосылады деп сенемін, тіпті бұрынғыдан да күшті болып оралады деп үміттенемін, - деді Шведова Sportskeeda-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы кеше өткен топтағы бірінші ойында Аустралия елінің теннисшілеріне жол берді. Әлем чемпионаты саналатын бұл жарыстың жүлде қоры 9,6 миллион долларды құрайды.
Дереккөз: massaget.kz